Жыршы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Жыршыжыр айтушы, таратушы. Қазақ ауыз әдебиетінде өлең, жыр шығаратын, қисса, толғау, дастан айтатын адамдар “жырау”, “жыршы”, “ақын”, “өлеңші” “термеші” деп аталған. Олардың орындаушылық ерекшеліктерінде ұқсастықтармен қатар айырмашылықтар да бар. Ж-лар жырды домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен, мақаммен, әнмен айтады, сондай-ақ эпикалық шығармаларды да орындайды. Олар бұрыннан белгілі халық дастандарын, поэмаларды айтып таратады. Кейбір Ж-лар өз жанынан өлең-жыр да шығарады. Ж-ны халық ақынмен, әншімен, шешенмен қатар қойып қадірлеген. Қазақта Айса Байтабынов, Мұрын Сеңгірбаев, Нұрпейіс Байғанин – нағыз жүйрік, танымал Ж-лар. Ж. кейде белгілі бір әдеби шығарманы дастанға айналдырып жырлайды. Бұл – кейінгі кезде пайда болған дәстүр. Мыс., А.С. Пушкиннің “Евгений Онегин” романын қазақ ақындары, Ж-лары халық тіршілігіне бейімдеп жырлап, жаңа нұсқалар тудырған (Ә.Найманбаев, т.б.). Талантты Ж-лар халық сүйіспеншілігіне бөленген. Эпикалық туындыларды көп білгендіктен олардың кейбірі “жырау” деп те аталған (Марабай, Мергенбай, Базар, т.б.). Қазақ эпосының сақталып, өркендеуі үшін Ж-лар зор еңбек сіңірді. Ауыз әдебиетінің көптеген үлгілері солардың арқасында заманамыздың игі мұрасына айналды. [1]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы