Кете (ру)
Кете – Алшын тайпасынан тарайтын Әлімұлына кіретін қазақ руы. Қызылорда облысының батысы мен Ақтөбе облысын, Атырау облысын мекендейді.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кете руы туралы алғашқы деректер 12 ғасырдан бері белгілі. Қидандарға бағынып, 1120 ж. Елюй Даши басшылығымен, Қарахандар әулеті мемлекетіне қарсы жорыққа қатысқан 18 тайпаның бірі кити делінген. М.Н. Галкин түрікмендердің гоклан тайпасында кета, Н.Н. Аристов башқұрттарда кете руы кездесетінін айтады.
Қазақ ғалымы Ә.Нұрмағамбетұлы: “Қырғыз халқының батырлар жырында ұшырасатын “кете” сөзінің мағынасы – қымбат та асыл мата атауын білдіреді, тұңғыс-манжыр тілдерінде “кэтэ” – көп ұғымында айтылады”, дейді. М.Тевкелевтің “Қазақ халқының тарихынан материалдар” атты еңбегінде: “Қашқардан оңт.-батысқа қарай Алай тауының шығыс жақ бөлігін қазіргі уақытта қырғыздың қаракесек және төйт рулары мекендейді. Олар ерте кезден бірге тұрады және өздерінің әңгімелеріне қарағанда – бірге туған туыстар”, – делінген.
Кете руы Ақкете және Қаракете тармақтарына бөлінеді. Ақкетеден Әжібай би, Арал батыр, Қармыс батыр, Болпыш би, Ебескі, Алтай батырлар, Шернияз ақын тараған. Ал Қаракетеден Ешнияз Сал, Құдайназар батыр, Текей батыр, Кете Жүсіп, Тұрмағамбет Ізтілеуұлы, Омар, Сүйіндік пен Сүйкімбай, Алдашбай, Қуанышбай ақындар, Тоқтаболат, Алтай, Бестібай, Бекмырза, Тұңғышбай, Тайшық, Есетбай билер, Қарақисық батырлар шыққан.
Кете руы Қазан төңкерісіне дейін Қазалы, Перовск, Ақтөбе, Үлбішін уезі, Темір уезі, Гурьев уезі, Бөкей ордасын қоныстанған.
Ұраны – Майлыбай, таңбасы – П, Х.[1][2][3]
Тұлғалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Омар Шораяқұлы
- Сыпыра жырау
- Арал батыр
- Әжібай Болпышұлы
- Тұрмағамбет Ізтілеуұлы
- Текей Қарпықұлы
- Тоқболат би
- Құдайназар Қарпықұлы
- Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов
- Ешнияз Сал Жөнелдікұлы
- Шернияз Жарылғасұлы
- Кете Жүсіп Ешниязұлы
- Аслан Есболайұлы Мусин
- Көшеней Рүстембекұлы
- Бидас Рүстембекұлы
- Қызыл Тұрдалыұлы
- Көккөз Құндыбаев
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясының редакциясы, Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
- ↑ Толыбеков С., Қазақ шежіресі, А., 1992; Дайрабаев Т., Кете-Шөмекей шежіресі, А., 1995
- ↑ Арғынбаев Х., Мұқанов М., Востров В., Қазақ шежіресі хақында, А., 2000; Мұратбаев Ж., Алаштың жұлдызы, А., 2002.