Шоған
Шоған — қазақ халқының құрамындағы рулар тобы. Шежіре деректеріне қарағанда Шоған абыз ұрпақтары Ұлы жүз Албан руынан тарайды. Шоғаннан Тұрымжан, Дәулен, Алжан, Шажа рулары өрбітіледі. Бірқатар шежірелер мен Қазақ совет энциклопедиясында (12-т) Алжанды Мәмбет, Шажаны Үмбет деп те атайды. Х. Арғанбаев еңбегінде Шоғаннан тұғыжым (айтбай, сиқымбай) мен дәулет (аманқұл, жәдік) ұрпақтары таратылады. Шоғаннан тараған ұрпақтар қазіргі Райымбек, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ, Талғар аудандары жерінде, біраз бөлігі Қытайдың Шыңжан өлкесіндегі Текес, Іле өзендері өңірін, Өзбекстанның Бостандық аудандарын, Тәшкен шаһарларын мекендеген. Ұзақ уақыт бірнеше мемлекеттер (КСРО, ҚХР) құрамында өмір сүру Шоғаннан тараған ұрпақтардың өзара байланысын әлсіретіп, этникалық аумағының бөлінуіне алып келді. Бүгінгі күнде Қазақстан, Қытай, Монғол, Ресей және Қырғыз елдеріндегі Шоғаннан тараған ұрпақтары мен Албан шежіре деректері жинақталып,қазақ ру-тайпаларының нақты тарихы жанжақты баяндалуда. Алматы обылысы Райымбек ауданы Қайнар ауылында Шоған абыз мешіті, мәдени орталығы, Шоған абыз бен өз дәуірінің оза шапқан ұрпақтарының ескерткіші орнатылған.
Ұраны — Райымбек. Таңбасы — сызықты дөңгелек.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IХ том; М. Азанбаев
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
[[Санат:Қазақ рулары]
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |