Майо
Майо | |
йореме | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
49 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
Майо (йореме) — Мексиканың солтүстік-батысындағы үндіс халқы. Олар негізінен Майо өзенінің бойында (Сонора штатының оңтүстігінде және Синалоа штатының солтүстігінде) тұрады. Саны 79 мың адам. (2005, халық санағы).[1]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тілі – майо тілі, юто-ацтек отбасына жатады, испан тілі де кең таралған[2].
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дінге сенушілердің діни байланысы: католиктер[3].
Таралуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сонора штаты:
- Аламос муниципалитеті (Аламос және Эль-Саладо елді мекендері).
- Бенито-Хуарес муниципалитеті (Асеитунитас (Субе и Бажа) және Вилла Хуарес елді мекендері).
- Кахеме муниципалитеті (Агрикола-Тараска, Сьюдад-Обрегон, Кокорит және Зона-де-Гранхас (Гранхас-Мика) елді мекендері).
- Этчохоа муниципалитеті (Агустин Мелгар, Бакобампо, Этчохоа және Йемобари елді мекендері).
- Уатабампо муниципалитеті (Адольфо Лопес Матеос, Уатабампо және Замикарит сияқты елді мекендер).
- Навохоа муниципалитеті (Агиабампо, Навохоа және Йорентамеуа елді мекендері).
- Сан-Игнасио-Рио-Муэрто муниципалитеті (Аграристас-де-Сьюдад Обрегон және Тетабиате елді мекендері).
Синалоа штаты:
- Ахоме муниципалитеті (89 B de I, Ahome және Zapotillo Viejo елді мекендері).
- Ангостура муниципалитеті (Алуэй, Ангостура және Сан-Лучано елді мекендері).
- Шуа муниципалитеті (Агуа-Кальенте-Гранде (Де Гастелум), Шуа және Ринкон-де-Агуа-Калиенте Гранде елді мекендері).
- Эль-Фуэрте муниципалитеті (Адольфо Лопес-Матеос (Хауара-Сегундо) және Зозорике елді мекендері).
- Гуасаве муниципалитеті (Адольфо Руис Кортинес, Гуасаве және Тамазула сияқты елді мекендері)[4].
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Испанияның Мексиканы жаулап алуына дейінгі Майо халқының тарихы түсініксіз. 17 ғасырдың басында олар испандықтармен солтүстік көршілері якилерге қарсы одақтасты. Бірақ испандықтардың өз жерлеріне біртіндеп басып кіруі 1740 жылы Майо көтерілісіне әкелді. 1740 жылы қарулы көтеріліс болып, ол тағы да испандықтардың жеңісімен аяқталды, одан кейін бір ғасырға жуық бейбітшілік кезеңі болды. Мексика төңкерісінен кейін олар жерді коммуналдық меншікке беру туралы бейбіт келісімге келді.[5]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі кәсібі суармалы егіншілік (бидай, мақта, күріш, күнжіт, көкөніс, жүгері), кейбір ауылдарда балық аулау. Жалдамалы жұмыс кең тараған. тоқымашылық, қоржын тоқу, төсеніш тоқу дамыған. Қазіргі уақытта майолардың көпшілігі фермерлер, көбінесе озық технологияны қолданады.[6]
Тұрмыс салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Майо 5-6 адамнан тұратын патриархалдық отбасында тұрады. Туыстық есеп екі жақты. Үйленгенге дейін қалыңдық күйеу жігіттің үйінде 5-6 ай тұрады. Көсемдер (кованагуа) жыл сайын сайланады.
Елді мекендер шашыраңқы орналасқан. Тұрғын үйдің сырты кейде әктеледі, төбесі тегіс, аздап еңістеу келеді. Үйдің алдында міндетті түрде ағаш крест болады. Саздан жасалған биік ошағы бар ас үй бөлек салынған.
Дәстүрлі киімдері өз мәнін жоғалтқан.
Дәстүрлі тағамдары -тұз, бұрыш және лимон (мачака) қосылған, кептірілген жылқы және есек еті. Танымалі сусыны — кофе.
Дәстүрлі әндер, аңыздар, билер сақталған[7].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2164299?ysclid=lqq9uueugh822260780
- ↑ https://more3dperm.ru/b0400c/%D0%9C%D0%B0%D0%B9%D0%BE_(%D0%BD%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B4)(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ https://slovar.cc/enc/slovarik/1826172.html
- ↑ https://wikious.com/en/Mayo_people
- ↑ https://bfjaawards.com/ru/pages/17469-mayo--britannica-online-encyclopedia
- ↑ https://travel-journal.ru/ethno/40/942/(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ http://www.etnolog.ru/people.php?id=MAYO