Николай Николаевич Бекетов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Николай Николаевич Бекетов (13.01.1827-13.12.1911) — орыс физикалық химигі, Санкт-Петербург ҒА академигі (1886ж). Физикалық химияның негізін салушылардың бірі. Алюминотермияның негізін салушы.

Қазан униветситетін 1848 жылы бітірген. 1849-1853 медицина-хирургиялық академияның Н.Н.Зининнің лабораториясында, 1854-1855 жылдары Санкт-Петербург университетінде, 1855 жылдан бастап Харьков университетінде, 1886 жылдан бастап Перетбург ҒА химия лабораториясында жұмыс істеді. Н.Н. Зинимен бірге органикалық қосылыстарды жоғары температура жағдайында зерттеген. 1852 жылы бензурен мен ацетуренді синтездеген. Реакцияның бағыты реагенттердің күйімен сыртқы жағдайларына тәуелділігі туралы бірқатар теориялық жобалар ұсынған. Оқушылармен бірге өзі ұйымдастырған термохимиялық зертханасында зерттеулер жүргізген: сілтілі металдардың оксидтері мен хлоридтерінің түзілу жылуларын анықтаған, ең алғаш сілтілі металдардың сусыз оксидтерін алған.

1865 жылы физикалық химия бойынша лекциялардың алғашқы курсын оқып, практика ұйымдастырған. 1864 жылы оның ұсынысы бойынша Харьков униветситетінде физикалық химия бөлімін құрылған. Орыс физикалық химия қоғамының президенті (1889-1890, 1896-1897, 1900-1903, 1911 жылдары)[1].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. С.К.Мырзалиева "Химия" ( Балаларға арналған энциклопедилық анықтамалық Алматы 2012ж.)