Координаттар: 55°33′ с. е. 50°56′ ш. б. / 55.550° с. е. 50.933° ш. б. / 55.550; 50.933 (G) (O) (Я)

Татарстан Республикасы (тат. Татарстан Җөмһүрияте / Tatarstan Cömhüriäte; орыс. Республика Татарстан) — Ресей Федерациясының субъекті[3].

Ресей Федерациясының субъектісі

Татарстан Республикасы
тат. Татарстан Республикасы
орыс. Республика Татарстан

Татарстан туы Татарстан елтаңбасы

тат. Татарстан Республикасы орыс. Республика Татарстан Ресей картасында

Елордасы

Қазан

Жер аумағы

44-ші

Барлығы
% су беті

67 847 км²
6,4

Жұрты

8-ші

Барлығы
Тығыздығы

3 822 038 (2013)

56.33 адам/км²

ЖАӨ

6-шы

Барлығы, ағым. баға
Жан басына шаққанда

1004,7 млрд руб. (2010)

245,2 мың руб.

Федералды округ

Еділ маңы

Экономикалық аудан

Волга маңы

Мемлекеттік тілі

Татарша, Орысша

Райыс

Рүстем Миңнеханов

Премьер-министр

Алексей Песошин[1][2]

Мемлекеттік кеңестің төрағасы

Фәрид Мұхаммедшін

РФ субъектісінің коды

16

ISO 3166-2 бойынша коды

RU-TA

Уақыт белдеуі

MSK (UTC+4)

Көлемі 67836,2 шаршы шақырым (км²).
Халық саны 3768,5 мың адам (2005-ші жылының мәліметтері бойынша), қалада — 74,5% (2005) тұрады.

Халық тығыздығы: 55,4 адам/шақырымға (2005).
Жұрттың көбі татарлар (52,92%) менен орыстар (39,49%).
Республиканың құрамында 43 аудан, 20 қала (солардың 14 — республикаға қарайды), 21 қала сияқты елді мекен, 897 ауыл кеңес бар.
Орталығы — Қазан қаласы.

Этимологиясы

өңдеу

Тарихы

өңдеу

Татарстан жерін адамзат палеолит дәуірінен қоныстанған. Ерте орта ғасыр дәуірінде Түрік қағандығы құрамында болды. 9–10-шы ғасырларда бұлғарлардың бір бөлігі Еділ өз-нің орта ағысына қарай ығысып, мұнда Еділ Бұлғариясы атты мемлекет құрды. Ол кейіннен Батудың Русь пен Шығыс Еуропаға жорығы нәтижесінде Алтын Орда құрамына енді. 15-ші ғасырдың 1-ші жартысында Татарстан жерінде Қазан хандығы бой көтерді. Орыс патшалығының 1545–52-ші жылдардағы басқыншылығынан кейін Қазан хандығы Ресейге бағынды. 1708-ші жылы Қазан губерниясы құрылды. Патшалық Ресейдің отаршылдық саясаты Татарстан халқына ауыр зардаптар әкелді. Мұнда орыстандыру, шоқындыру саясаты қарқын алды. Халықтың сана-сезімін ояту бағытында татар зиялылары ағартушылық бағыттағы іс-шараларды жүзеге асыруға талпыныс жасады. Каюм Насыри, Маржани секілді көрнекті ағартушылардың атқарған қызметі өзіндік маңызға ие болды. Қазан қаласындағы “Мухаммадия” медресесі Ресейдегі түркі-мұсылман жұртшылығы арасындағы ең танымал оқу орнына айналды. 19-шы ғасырда Қазанда баспа ісі дамып, татар, башқұрт және қазақ тілдеріндегі кітап шығару ісі қанат жайды. 20-шы ғасырдың бас кезінде Ресейде өрбіген азаттық қозғалысы барысында тек татар ғана емес, отарлық езгідегі барлық түркі-мұсылман халықтарының мүддесін қорғауға Ю.Акчур, С.Мақсұд, Ә.Ибрагим секілді қайраткерлер белсенділік танытты. 1917-ші жылғы Ақпан революциясынан кейін қалыптасқан саяси ахуал жағдайында Татарстан жерінде ұлттық-мәдени автономия құруға қадам жасалып, бұл құрылымның Миллет меджлиси (Ұлттық жиналыс) атты парламенті мен Милли идаре (Ұлттық басқарма) деген жоғары атқару органы құрылды. Алайда ұлттық-мәдени автономияның аяғынан нық тұруына кеңес өкіметінің орнығуы кедергі келтірді.

Кеңес өкіметі өңірде орнағаннан соң татар және башқұрт интеллигенциясының өкілдері 1918-ші жылы 1-ші наурызда РКФСР құрамындағы Орал-Еділ штатын құру идеясын көтерді. Онда Қазан мен Уфа губернияларын толықтай және Вятка, Орынбор, Пермь, Самара, Симбирск губернияларының біраз бөлігін қамтыған татар-башқұрт халықтарының ұлттық автономиясы етіп жариялау көзделді. Бірақ бұл ұсынысқа жергілікті большевиктік билік ашық қарсылық танытты. БОАК пен РКФСР ХКК-нің 1918-ші жылғы 26-шы тамыздағы декреті бойынша РКФСР құрамында Татар АКСР-і құрылды. Кейін ол Украина, Беларусь және Ресей құрамындағы республикаларымен бірге Кеңестер Одағының құрылтайшысы болды. Бірақ Орталық Азиядағы автоном. республикалар одақтас республикалар мәртебесіне ие болған кезде Татарстан автономия күйінде қала берді. Кеңестер Одағы кезінде Татарстанның экономикасында ірі алға басушылықтар жүргенімен рухани саланы, ұлттық тіл мен мәдениетті дамыту кенжелеп қалды. Татар халқы да басқа түркі-мұсылман халықтары секілді екі рет әліпби өзгертуді бастан кешірді. Ұлттық интеллигенция сталиндік қуғын-сүргінді бастан кешті. М. Сұлтанғалиев секілді ұлт зиялылары тоталитарлық режимнің құрбаны болды. 1988-ші жылы Татар қоғамдық орталық мемлекеті егемендігін алу жолында қозғалыс бастады. Бұл іс бұқаралық сипат алып, республика жұртшылығы ұлттық тәуелсіздік идеясын жаппай қолдады. 1990-шы жылы 30-шы тамызда Татарстан Жоғарғы Кеңесінің сессиясы Татарстанның мемлекет егемендігі туралы декларация жариялады. 1991-ші жылы көктем және жаз айларында Ново-Огоревада одақтық келісімшартты әзірлеу барысында Татарстан автономиялардың мүддесін жүйелі қорғап шығып, олардың Одақтық федерациясының дербес субъектісі ретінде мойындалуына қол жеткізді. 1991-ші жылы 12-ші маусымда Татарстан президенті сайланды. Татарстанның тұңғыш президенті М.Шәймиев болды. 1992-ші жылы 21-ші наурызда өткен референдум негізінде Татарстанның мемлекет мәртебесі айқындалды. Осы жылы 6-шы қарашада Татарстан Конституциясы қабылданды.

Татарстан – индустриалды-аграрлы ел. Экономикалық құрылымының 50%-ы өнеркәсіптің, 15%-ы а. ш-ның, 10%-ы құрылыстың, 25%-ы байланыс пен көлік қатынасының, т.б. үлесіне тиеді. Өнеркәсіптің жетекші салалары – машина жасау, мұнай-газ өндіру, өңдеу және мұнай химиясы. Қрі кәсіпорындары – “КамАЗ” жүк автомобиль з-ты, Нижнекамск мұнай-химия комб., “Нижнекамскшина”, Қазан авиац. өндірістік бірлестігі, “Татмұнай” бірлестігі. Ауыл шаруашылығы негізінен ет-сүт өндіретін мал шаруашылығына мамандырылған. Сонымен қатар аң өсіру, бақша дақылдарын егу, құс және ара ш. жақсы дамыған.

Татарстан мәдениеті дәстүрлі ұлттық мәдениет арнасында қалыптасты. Жазба мәдениеті ежелгі дәуірден бастау алады. Ең көне үлгілері – “Жүсіп – Зылиха” (13-ші ғасыр) дастаны мен авторы белгісіз “Кесікбас” (“Кисекбаш”) жыры, “Сопыларға өсиет” атты дидакт. шығарма, т.б. Кейінгі орта ғасырларда татар әдебиетінде Мауля Кули (17-ші ғасырдың 2-ші жартысы), Утыз Имяын (1754–1834), Шамсетдин Заки (1825–65), т.б. сопылық-дидакикалық. ағым өкілдері көптеген шығармалар қалдырды. 19-шы ғасыр әдебиетінде ағартушылық бағыт ұстанған Әбунасыр Курсави(1776–1902), Маржани (1813–1889), Каюм Насыри (1825–1902) әдеби, ғыл.-танымдық еңбектерімен татардың қазіргі әдеби тілінің негізін қалыптастырды. Ғабдолла Тоқай (1886–1913), Ғалымжан Ибрагимов (1887–1938), Мәжит Ғафури (1880–1934), т.б. шығармаларында дәуір тынысы, ел басындағы тарихи-әлеум. ахуал шынайы бейнеленді. Мұса Жәлелдің (1906–1944) “Моабит дәптері” атты өлеңдер жинағы адамзат баласының фашизмге қарсы күресінің рухани туы ретінде бағаланып, әлемге даңқы жайылды. Татарстанда қазіргі кезде 12 кәсіби театр, филормония, мемл. симфон. оркестр, 300-ден аса музей, кітап қоры 28 млн. том құрайтын кітапханалар жұмыс істейді. Тарихи-сәулет ескерткіштерінен 16–19 ғасырларда салынған Қазан кремлінің орны ерекше. Татарстанда жазушылар, журналистер, композиторлар, кинематографтар, сәулетшілер одағы сияқты шығарм. ұйымдар бар. Татарстан Президенті жанынан Мәдениетті қолдау және дамыту қоры құрылған. Сондай-ақ “Бұлғар” қоры, т.б. қоғамдық ұйымдар мәдени мұраларды сақтаумен айналысады. 1 мыңнан астам көне мәдениет ескерткіштері мемл. қамқорлығына алынған. Республикада “Мирас” бағдарламасының шеңберінде ескерткіштердің ерекше каталогы – “Татарстан Республикасы: тарих пен мәдениет ескерткіштері”, “Татар халқының 18–20 ғасырлар басындағы ескерткіштер” жинағы, т.б. анықтамалар жарық көрді. 6 қорық: Кремль, Булгар, Елабуж, Биляр, т.б. музейлері мемлекеттің ерекше қамқорлығында. Республикада фольклорлық ансамбльдердің саны өсіп, Сабантуй, Нардгун, Наурыз, “Қаз эмесі” сияқты дәстүрлі ұлттық мерекелері қайта дамытылған.

Географиясы

өңдеу

Әкімшілік бөлінуі

өңдеу

Татарстан Республикасы Конституциясының III бөліміне сәйкес оның аумағына әкімшілік-аумақтық бірліктер кіреді: 43 аудан, 14 республикалық маңызы бар қала.

Республиканың муниципалдық құрылымы аясында Татарстанның әкімшілік-аумақтық бірлігі шекарасында 956 муниципалитет құрылымдар құрылған:

  • 2 қалалық округ
  • 43 муниципалды аудан
    • 39 қалалық қоныс
    • 872 ауылдық қоныс

Халқы

өңдеу

Мемлекеттік құрылымы

өңдеу

Конституция

өңдеу

Республиканың негізгі заңы - 1992-ші жылы 30-шы қарашада қабылданған Татарстан Республикасының Конституциясы. Конституция бойынша Татарстан - демократиялық құқықтық мемлекет. Татарстан Республикасының юрисдикциясы субъектілері үшін шығарылған федералдық заң мен Татарстан Республикасының нормативтік құқықтық актісі арасында қайшылық болған жағдайда, Татарстан Республикасының нормативтік құқықтық актісі қолданылады.

Президент

өңдеу

Татарстан Республикасындағы ең жоғары лауазымды тұлға - Татарстан Президенті. 1991-ші жылы 12-ші маусымда Минтимер Шәрипұлы Шәймиев Татарстан Республикасының тұңғыш Президенті болды. 2005-ші жылы 25-ші наурызда оған Ресей Федерациясы Президентінің ұсынысы бойынша Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесі жаңа мерзімге Татарстан Республикасы Президентінің өкілеттігін берді. 2010-шы жылғы 22-ші қаңтарда Шаймиев Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевтен оның кандидатурасын 2010-шы жылдың 25-ші наурызынан кейін жаңа президенттік мерзімге қарастырмауын сұрады[4]. 2010-шы жылдың 25-ші наурызында Рүстем Миңнеханов Татарстан Республикасының Президенті қызметіне кірісті, және Шаймиев Татарстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Заң шығарушы орган

өңдеу

100 депутаттан тұратын бір палаталы мемлекеттік кеңес (парламент) - мемлекеттік биліктің жоғарғы өкілді, заң шығарушы және бақылау органы. 2004-ші жылы 26-шы наурызда Фарид Мухаметшин Татарстан Республикасы Мемлекеттік кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Атқарушы орган

өңдеу

Президент

өңдеу
  1. Минтимер Шәрипұлы Шәймиев - 12 маусым 1991 - 25 наурыз 2010
  2. Рүстем Нұрғалиұлы Миңнеханов - 25 наурыз 2010

Дереккөздер

өңдеу
  1. Алексей Песошин Татарстан хөкүмәте башлыгы итеп сайланды
  2. Алексей Песошин стал новым премьер-министром Татарстана
  3. Ресей ФедерациясыныңКонституциясының 5 бап , Республикасының ТатарстанКонституциясының 1 бап Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.
  4. После отставки Шаймиев будет работать на государство бесплатно, GZT.ru (12 наурыз 2010). Тексерілді 14 наурыздың 2010.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Tatarstan