Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті
Жалпы мағлұмат
Мемлекет  Қазақстан
Штаб-пәтері 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, 2-кіреберіс
Төрағасы Қазбек Тәшімов
Ресми сайты
gov.kz/memleket/entities/vetcontrol?lang=kk

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті — ветеринария және ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомствосы.

Міндеттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын орындау, сондай-ақ ветеринария және ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі салаларында стратегиялық функцияларды орындауға қатысу;
  2. жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
  3. халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
  4. ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  5. Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау;
  6. ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауіпсіздігі мен сапасын бақылау;
  7. жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қары күрестің және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану;
  8. жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруы кезінде қоршаған орта ластаудың алдын алу және оны жою;
  9. ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды даярлау және олардың біліктіліктерін арттыру[1]

Қарамағындағы мекемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Комитеттің облыстық, қалалық және аудандық аумақтық инспекциялары
  • «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РММ
  • «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК
  • «Ветеринариядағы ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]