Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қазақстан Көлік министрлігі
Қазақстан елтаңбасы
Жалпы мағлұмат
Мемлекет  Қазақстан
Құрылған уақыты 16 желтоқсан 1991 жыл
(тұңғыш рет құрылды)
1 қыркүйек 2023 жыл
(қайта құрылды)
Оның алдындағы мекеме Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
Мекемені басқарады Қазақстан үкіметі
Штаб-пәтері 010000, Астана, Қабанбай Батыр даңғ, 32/1[1] ("Транспорт Тауэр" ғимараты)
Министрі Марат Қарабаев
Ресми сайты
gov.kz/memleket/entities/transport

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігіҚазақстан үкіметіне бағынатын, оның құрамына кіретін орталық атқарушы орган. Министрлік теміржол, автомобиль және ішкі су көлігі, азаматтық авиация қызметі, автомобиль жолдары салаларындағы басшылықты жүзеге асырады.

Қазақстан тәуелсіздігінен 1994 жылдың маусымына дейін Қазақстан Көлік министрлігінің жалғыз министрі Нығметжан Есенғарин болған. 1994 жылдың маусымында министрлік Көлік және коммуникациялар министрлігі болып өзгертілді.

1999 жылдың қаңтарында министрлік Көлік, коммуникация және туризм министрлігі болып өзгертілді. Сол жылдың қазанында Көлік және коммуникациялар министрлігі қайта құрылды. 2014 жылдың тамызында министрлік ыдыратылды, оның соңғы министрі Жеңіс Қасымбек болды. Министрліктің барлық міндеті Инвестициялар және даму даму министрлігіне берілді.

2023 жылдың 1 қыркүйегінде президент Тоқаев өзінің ресми жолдауында «Көлік министрлігін қайта құрған жөн» екенін айтып кетті.[2] Келесі күні, 2 қыркүйекте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ыдырап, президент жарлығымен жаңа құрылған Көлік министрі лауазымына Марат Қарабаев тағайындалды.[3]

Үкіметтің 2023 жылғы 4 қазандағы №862 қаулысымен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетіне және Теміржол және су көлігі комитетіне бөлінді.

Министрліктің ресми сайтындағы ақпарат бойынша министрліктің міндеті — «көлік инфрақұрылымы мен қызметтерін сапалы дамыту, олардың үздіксіз жұмыс істеуі және еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін белсенді ілгерілету. Атап айтқанда, темір жол көлігі, автомобиль көлігі және су көлігі салаларын дамыту».[4]

Комитеттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2023 жылдың қарашасы бойынша Көлік министрлігінің төрт комитеті бар:[5]

  1. Автомобиль жолдары комитеті
  2. Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті
  3. Азаматтық авиация комитеті
  4. Теміржол және су көлігі комитеті.

Қарамағындағы ұйым

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Министрлер тізімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Суреті Аты-жөні
(Өмір сүрген жылдары)
Қызметі Партиясы Үкімет басшысы
Көлік министрлігі (1991–1994)
1 Нығметжан Есенғарин
(1941 туған)
28 маусым
1991
маусым
1994
белгісіз Қараманов II
Терещенко
Көлік және коммуникациялар министрлігі (1994–1999)
1 Нығметжан Есенғарин
(1941 туған)
маусым
1994
қазан
1994
белгісіз Терещенко
Қажыгелдин (?)
2 Серік Әлигужинов
(1944–2021)
қазан
1994
желтоқсан
1995
белгісіз Қажыгелдин
3 Юрий Лавриненко
(1945 туған)
желтоқсан
1995
1997 белгісіз Қажыгелдин
4 Еркін Қалиев
(1957 туған)
1997 қыркүйек
1998
белгісіз Балғымбаев
5 Серік Бүркітбаев
(1957 туған)
қыркүйек
1998
қаңтар
1999
белгісіз Балғымбаев
Тоқаев
Көлік, коммуникация және туризм министрлігі (қаңтар–қазан 1999)
1 Серік Бүркітбаев
(1957 туған)
қаңтар
1999
қазан
1999
белгісіз Балғымбаев
Тоқаев
Көлік және коммуникациялар министрлігі (1999–2014)
5 Серік Бүркітбаев
(1957 туған)
қазан
1999
2000 белгісіз Балғымбаев
Тоқаев
6 Кәрім Мәсімов
(1965 туған)
2000 қараша
2001
Партиясыз Тоқаев
7 Абылай Мырзахметов
(1969 туған)
қараша
2001
сәуір
2002
белгісіз Тоқаев
Тасмағамбетов
8 Қажымұрат Нағыманов
(1948–2022)
18 мамыр
2002
25 мамыр
2005
белгісіз Тасмағамбетов
Даниал Ахметов
9 Асқар Мамин
(1965 туған)
25 тамыз
2005
21 қыркүйек
2006
Нұр Отан Даниал Ахметов
10 Серік Ахметов
(1965 туған)
25 қыркүйек
2006
3 наурыз
2009
Нұр Отан Даниал Ахметов
Мәсімов I
11 Әбілғазы Құсайынов
(1952 туған)
3 наурыз
2009
8 сәуір
2011
Нұр Отан Мәсімов I
11 Берік Қамалиев
(1960 туған)
8 сәуір
2011
20 қаңтар
2012
белгісіз Мәсімов I
12 Асқар Жұмағалиев
(1972 туған)
20 қаңтар
2012
7 наурыз
2014
белгісіз Мәсімов I
Серік Ахметов
13 Жеңіс Қасымбек
(1975 туған)
7 наурыз
2014
6 тамыз
2014
белгісіз Серік Ахметов
Мәсімов II
Көлік министрлігі (2023 бері)
1 Марат Қарабаев
(1987 туған)
2 қыркүйек
2023
Аманат[6] Смайылов II
Бектенов

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Байланыс  (қаз.). Көлік министрлігінің ресми сайты. Тексерілді, 29 қараша 2023.
  2. Қазақстанда Көлік министрлігі қайта құрылады  (қаз.). КУРСИВ (1 қыркүйек 2023). Тексерілді, 6 қыркүйек 2023.
  3. М.К. Қарабаевты тағайындау туралы  (қаз.). Қазақстан президентінің ресми сайты (2 қыркүйек 2023). Тексерілді, 6 қыркүйек 2023.
  4. Көлік  (қаз.). Көлік министрлігінің ресми сайты. Тексерілді, 7 қыркүйек 2023.
  5. СӘБЕКОВ, Серік Какие ведомства и организации перейдут в ведение Министерства транспорта РК  (орыс.). kazinform (6 сентября 2023). Тексерілді, 7 қыркүйек 2023.
  6. Марат Қарабаев Amanat партиясында азаматтардың жеке қабылдауын өткізді  (қаз.). Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми сайты (18 шілде 2023). Тексерілді, 20 қазан 2023. Мұрағат көшірмесі 18 қазанның 2023 Wayback Machine мұрағатында