Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті | |
---|---|
Жалпы мағлұмат | |
Мемлекет | Қазақстан |
Құрылған уақыты | 4 қазан 2023 жыл |
Штаб-пәтері | 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт Тауэр" ғимараты |
Төрағасы | Әлі Алтай Сембекұлы |
Ресми сайты | |
gov.kz/memleket/entities/komtransport?lang=kk |
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті — автомобиль көлігі саласында реттеуші, іске асыратын, автомобиль, теміржол және су көлігі саласында бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің ведомствосы.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2007 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Қатынас жолдары комитеті Көлік және қатынас жолдары комитеті болып өзгертілді. 2014 жылы Көлік және қатынас жолдары комитеті мен Көліктік бақылау комитеті біріктіріліп, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті болып құрылды. 2018 жылы комитет ҚР Индустрия және инфрақұрылым министрлігіне берілді. 2023 жылы Көлік комитеті ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті және Теміржол және су көлігі комитеті болып екіге бөлінді.
Міндеттері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және оны кейіннен іске асыру
- республика экономикасы мен халықтың автомобиль тасымалдарына, жұмыстардың орындалуына және қызмет көрсетулерге қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау, сондай-ақ автомобиль тасымалдарын және автомобиль көлігінің инфрақұрылымын одан әрі дамыту
- заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ мемлекеттің ұлттық мүдделерін қорғау, сондай-ақ оның ішінде халықаралық тасымалдау саласында бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасау
- әуе және құбыржолдарды қоспағанда, көліктің барлық түрлерінде қауіпсіз пайдалану және қызметті қамтамасыз етуді бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру
- әуе және құбыржолдарды қоспағанда, көлік саласындағы заңнама талаптарының қызметіне, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың сақталуына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру[1]
Құрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Комитеттің 11 басқармасы бар:
- Республикаішілік автомобиль тасымалдары басқармасы
- Көліктегі цифрландыру басқармасы
- Су көлігіндегі бақылау басқармасы
- Персоналды басқару жұмысы басқармасы
- Норма шығармашылық қызмет,превенция және Мемлекеттік сатып алу басқармасы
- Автомобиль көлігі басқармасы
- Қаржы басқармасы
- Ахуалдық орталығы
- Теміржол көлігіндегі бақылау басқармасы
- Автомобиль көлігіндегі бақылау басқармасы
- Мультимодалды тасымалдау басқармасы
Қарамағындағы мекемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Облыстық және Алматы, Астана, Шымкент қалалық көліктік бақылау инспекциялары
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің, "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы