Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрлігі | |
---|---|
Қазақстан елтаңбасы | |
Жалпы мағлұмат | |
Мемлекет | Қазақстан |
Құрылған уақыты | 11 маусым 2022 жыл |
Оның алдындағы мекеме | Қазақстан Білім және ғылым министрлігі |
Мекемені басқарады | Қазақстан Республикасының Үкіметі |
Штаб-пәтері | 010000, Астана, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 11-кіреберіс[1] |
Министр | Саясат Нұрбек |
Ресми сайты | |
gov.kz/memleket/entities/sci |
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (қысқартқанда ҚР ҒЖБМ[2]) — Қазақстандағы жоғары білім, тіл саясаты, ғылым салалары және бұл салалардағы цифрландыру мәселелеріне жауапты Үкімет құрамына кіретін мемлекеттік орган.[3]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1992 жылы ақпанда Үкімет құрамында Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi құрылды.
1996 жылы наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы мен Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi біріктіріліп, орталық атқарушы орган Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы құрылды.
1999 жылы қаңтарда Ғылым және жоғары білім министрлігі, ал ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырылды.
1999 жылы қазанда Білім, денсаулық сақтау және спорт министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі бірқатар өкілеттіктерін Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі, Туризм және спорт жөніндегі агенттігі, Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне бере отырып, Білім және ғылым министрлігіне бірікті.
2003 жылы қазанда Қазақстанның жетекші ғалымдарының бастамасымен "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі таратылып, қоғамдық бірлестік ретінде жұмысын жалғастырды.
2022 жылдың 11 маусымында президент Тоқаев жарлығымен Білім және ғылым министрлігі екі министрлікке бөлінді: Асхат Аймағамбетов басқарған Оқу-ағарту министрлігі және Саясат Нұрбек басқаратын Ғылым және жоғары білім министрлігі.[4]
Қызметі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Министрліктің ресми сайтының мәліметінше министрлік «жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, тіл саясаты, ғылым, ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, ғылымды, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді цифрландыру саласында басшылықты жүзеге асырады».[3]
Комитеттері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ғылым және жоғары білім министрлігінің 4 түрлі ведомствосы бар:[3]
- Ғылым комитеті
- Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті
- Тіл саясаты комитеті.
Қарамағындағы ұйымдар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Мемлекеттік заңды тұлғалар
- «Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
- «Ұлттық тестілеу орталығы» ШЖҚ РМК
- «Ұлытау техникалық университеті» ШЖҚ РМК
- Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы берілген заңды тұлғалар
- "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ
- "Қаржы орталығы" АҚ – 50 %.
- "Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" КеАҚ
- "Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті" КеАҚ
- "Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті" КеАҚ
- "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" КеАҚ
- "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" КеАҚ
- "Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты" КеАҚ
- "Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті" КеАҚ
- "Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті" КеАҚ
- "Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті" КеАҚ
- "Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" КеАҚ
- "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті" КеАҚ
- "Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті" КеАҚ
- "Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті" КеАҚ
- "Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті" КеАҚ
- "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КеАҚ
- "Торайғыров университеті" КеАҚ
- "Қарағанды индустриялық университеті" КеАҚ
- "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті" КеАҚ
- "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" КеАҚ
- "Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті" КеАҚ
- "М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті" КеАҚ
- "Рудный индустриялық университеті" КеАҚ
- "Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті" КеАҚ
- "Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КеАҚ
- "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" КеАҚ
- "Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті" КеАҚ
- "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" КеАҚ
- "Азаматтық авиация академиясы" АҚ
- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" КеАҚ
- "М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті" КеАҚ
- "Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті" КеАҚ
Министрлер тізімі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]№ | Суреті | Аты-жөні (Өмір сүрген жылдары) |
Қызметі | Партиясы | Үкімет басшысы | ||
---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi (1992–1996) | |||||||
1 | Ғалым Әбілсейітов (1940 туған) |
маусым 1992 |
тамыз 1994 |
белгісіз | Терещенко | ||
2 | Владимир Школьник (1949 туған) |
тамыз 1994 |
наурыз 1996 |
Партиясыз | Терещенко Қажыгелдин | ||
Ғылым министрлiгi — Ғылым академиясы (1996–1999) | |||||||
1 | Владимир Школьник (1949 туған) |
наурыз 1996 |
қаңтар 1999 |
Партиясыз | Қажыгелдин Балғымбаев | ||
Ғылым және жоғары білім министрлігі (1999) | |||||||
1 | Владимир Школьник (1949 туған) |
қаңтар 1999 |
қазан 1999 |
Партиясыз[5] | Балғымбаев | ||
Білім және ғылым министрлігі (1999–2022) | |||||||
1 | Қырымбек Көшербаев (1955 туған) |
қазан 1999 |
18 желтоқсан 2000 |
белгісіз | Тоқаев | ||
2 | Нұралы Бектұрғанов (1949 туған) |
18 желтоқсан 2000 |
қаңтар 2002 |
белгісіз | Тоқаев | ||
3 | Шәмшә Беркімбаева (1942–2022) |
қаңтар 2002 |
14 маусым 2003 |
белгісіз | Тасмағамбетов | ||
4 | Жақсыбек Құлекеев (1957 туған) |
14 маусым 2003 |
13 желтоқсан 2004 |
белгісіз | Даниал Ахметов | ||
5 | Бірғаным Әйтімова (1953 туған) |
13 желтоқсан 2004 |
19 қаңтар 2007 |
белгісіз | Даниал Ахметов Мәсімов I | ||
6 | Жансейіт Түймебаев (1958 туған) |
19 қаңтар 2007 |
22 қыркүйек 2010 |
белгісіз | Мәсімов I | ||
7 | Бақытжан Жұмағұлов (1953 туған) |
22 қыркүйек 2010 |
2 қыркүйек 2013 |
белгісіз | Мәсімов I Серік Ахметов | ||
8 | Аслан Сәрінжіпов (1974 туған) |
2 қыркүйек 2013 |
10 ақпан 2016 |
белгісіз | Серік Ахметов Мәсімов II | ||
9 | Ерлан Сағадиев (1966 туған) |
10 ақпан 2016 |
25 ақпан 2019 |
белгісіз | Мәсімов II Сағынтаев | ||
10 | Күләш Шәмшидинова (1958 туған) |
25 ақпан 2019 |
13 маусым 2019 |
белгісіз | Мамин I | ||
11 | Асхат Аймағамбетов (1982 туған) |
13 маусым 2019 |
5 қаңтар 2022 |
белгісіз | Мамин I Мамин II Смайылов I | ||
м.а. | 5 қаңтар 2022 |
11 қаңтар 2022 | |||||
12 | 11 қаңтар 2022 |
11 маусым 2022 | |||||
Ғылым және жоғары білім министрлігі (2022 бері) | |||||||
1 | Саясат Нұрбек (1981 туған) |
11 маусым 2022 |
— | Аманат | Смайылов I Смайылов II Бектенов |
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Байланыс (қаз.). Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің ресми сайты. Тексерілді, 4 қыркүйек 2023.
- ↑ ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Сыртқы бағалау және талдау басқармасының бас сарапшысы (қаз.). Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің ресми сайты. Тексерілді, 4 қыркүйек 2023.
- ↑ a b c Жалпы ақпарат (қаз.). Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің ресми сайты. Тексерілді, 4 қыркүйек 2023.
- ↑ Білім және ғылым министрлігі екіге бөлінді. Асхат Аймағамбетов оқуды, Саясат Нұрбек ғылымды басқарады (қаз.). Азаттық радиосы (11 маусым 2022). Тексерілді, 4 қыркүйек 2023.
- ↑ Школьнику вручен партбилет члена «Нур Отана» (орыс.). Азаттық радиосы (28 мая 2004). Тексерілді, 13 қыркүйек 2023.