Бозо (халық)
Бозо | |
босо, сорко, сорого | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
143 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
дәстүрлі наным-сенімдер |
Бозо (баман тілінде – «бамбук үйі», өз атауы - сорко) — Малидегі халық, Нигер өзенінің бойында шашыраңқы тұрады. Сонинкаға жақын, жалпы саны 143 мың адам. (2005).[1]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бозо тілі манде (нигер-конго) кіші тобына жатады.[2]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: дәстүрлі наным-сенімдер, ислам діні таралуда.[3]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бозолар 6000 жыл бұрын салынған жартастағы суреттермен белгілі. Дегенмен, олардың қазіргі тарихы 10 ғасырда Гана империясының Нигер жағалауын басып алуынан басталады. Бозолар Малидегі Дженне және Мопти қалаларының негізін салушылар болды. Бозо халқы Нигер жағалауында отырықшы өмір салтын жүргізе бастаған және бірте-бірте балық аулау үшін аңшылықты ауыстырған ежелгі аңшылық топтардан пайда болған деген болжам бар.[4]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазір негізгі кәсібі - балық аулау. Ұзындығы 10 метрдей ағаш қайықтар жасайды. Балық аулау және өзенде аң аулау құралдары: бұл әртүрлі торлар, қармақ, гарпун, садақ пен жебе. Балықтарды көрші халықтарға пияз, фульбе, сүт пен ет, дәнді дақылдар, және көкөністерге алмастырады.[5]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көп балалы отбасылар балық аулайтын жерлерді бөлісетін топтар құрады. Патрилинейлік құрылымдар бар. Бозоларға әйелдердің жоғары әлеуметтік рөлі тән, олар өмірді ұйымдастырып қана қоймайды, сонымен қатар ерлер қызметінің жеке өндірістік салаларын басқара алады, балық өнімдерін айырбастау қатынастарына түседі және т.б.
Кейбір бозо топтары басқа этникалық қоныстарда квартал құрады, басқалары этникалық ерекшелігін сақтай отырып, уақытша қоныстарда тұрады. Тұрғын үйлері жылжымалы дөңгелек саман үйшік болып табылады.[5]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/1869583
- ↑ Народность Bozo из Мали https://afroart.ru/index.php?route=product/manufacturer/info&manufacturer_id=94
- ↑ Значение слова БОЗО в Энциклопедическом словарике https://slovar.cc/enc/slovarik/1818567.html
- ↑ Бозо https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/814897
- ↑ a b народы мира / Бозо http://www.etnolog.ru/people.php?id=BOZO