Игала
Игала | |
игара | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
1 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
дәстүрлі нанымдар |
Игала (өз атауы: игара) [1] — Орталық Нигерияда, Бенуэ өзенінің оңтүстігінде және Нигер өзенінің шығысында Бенуэ және Анамбра штаттарында тұратын халық.[2] Жалпы саны 1 млн. астам.[3]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тілі - нигер-кордофан отбасының ква тобының игала тілі.[4] Негізгі диалектілері: орталық, ида, эбу, ибаджи және анкпа. Хауса және Игбо тілдері де кеңінен таралған. Жазуы латын әліпбиі негізінде.
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көптеген игалалар дәстүрлі нанымдарды, сондай-ақ кейбір діндерді, соның ішінде ислам, христиандық және анимизмді ұстанады.[5]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Игала аңыздарына сәйкес, олардың йорубалармен ортақ шығу тегі бар. 13-16 ғасырда олар орталығы Ида қаласында орналасқан Игаланың ерте саяси формациясын құрады. 16 ғасырдың басынан бастап оның Ежелгі Бенин және Нупе көсемдіктерімен тығыз қарым-қатынасы нығая түсті. 18 ғасырдағы Игаланың экономикалық негізі құл саудасы болды, 19 ғасырда - пальма майы, 19 ғасырдың ортасынан бастап Игала Насараваның Фулбе әмірлігіне тәуелді болды.[6]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік (ямс, жүгері, құмай, тары, көкөніс, мақта, какао), мал шаруашылығы (ірі қара, қой, ешкі) қосалқы рөл атқарады. Олар майлы пальма жемістері мен каучук жинаумен, аңшылықпен, балық аулаумен айналысады. Егіншілікпен негізінен әйелдер, жерді жыртып, мал бағумен ерлер айналысады. Негізгі қолөнері - ұсталық, тері өңдеу, тері бұйымдарын жасау және балық аулау құралдарын жасау.[7]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі қоғамдық құрылымдар сақталған (көп отбасылы қауымдар, рулық тайпалық ұйым, жасырын ерлер қоғамдары, би одақтары). Игала билеушісі – ата («қасиетті патша»), оған әртүрлі дәрежедегі басшылар бағынады. Ең үлкен мереке - ата-бабаларды еске алуға арналған эгу фестивалі, сондай-ақ очо аңшылық рәсімі. Табиғат күштерінің, сиқырдың, бақсылықтың әртүрлі культтері кең таралған. Барлық негізгі фольклорлық жанрлар бар.
Елді мекендердің көпшілігі ауылдық типте шашыраңқы орналасқан. Әрбір шаруашылық дөңгелек пішінді, шатыры конустық және қабырғалары саздан жасалған бірнеше лашықтардан тұрады.
Дәстүрлі игала киімі – жамбасқа оралған, бір шеті иыққа шалынған мата.
Негізгі тағамдары - өсімдік тектес (жарма, бұқтырылған ет, қайнатылған және пісірілген көкөністер мен түйнектер, дәмдеуіш ретінде - пальма майы), балық және ет.[8]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ ИЛЛЮСТРИРОВАННЫЙ ЭНЦИКЛОПЕДИЧЕСКИЙ СЛОВАРЬ https://sanstv.ru/dict/%D0%B8%D0%B3%D0%B0%D0%BB%D0%B0
- ↑ Значение слова игала https://xn--b1algemdcsb.xn--p1ai/wd/%D0%B8%D0%B3%D0%B0%D0%BB%D0%B0
- ↑ Современная энциклопедия Игала https://my-dict.ru/dic/sovremennaya-enciklopediya/200585-igala/
- ↑ Современная энциклопедия - игала http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/igala
- ↑ Игала https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/1303938
- ↑ Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/1999412
- ↑ Народы и культуры И https://travel-journal.ru/ethno/37/675/(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ народы мира / Игала http://www.etnolog.ru/people.php?id=IGAL