Гбайя

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Гбайя
байя, манжа, мбакка, нгбакна
Бүкіл халықтың саны

1,0 млн.

Ең көп таралған аймақтар
 Орталық Африка Республикасы

760 000

 Камерун

150 000

 Конго Республикасы

10 000

Тілдері

гбайя тілі

Діні

дәстүрлі нанымдар

Гбайя (өз атауы: байя, манжа, мбакка, нгбакна)[1]Орталық Африка Республикасының батысында (Банги қаласының шетіне дейін), Камерунның шығысында және Конго Республикасының солтүстігінде қоныстанған халық.[2] Жалпы саны 1050 мың адам. Негізгі қоныстанған елдері: Орталық Африка Республикасы - 760 мың адам, Камерун - 150 мың адам, Конго Республикасы - 10 000 адам.[3] Келесі этнографиялық топтарға бөлінеді: богото, бианди, були, т.б. Банда мен нгбандиге жақын.

Тілі - гбайя тілі.[4]

Сенушілердің діни байланысы: дәстүрлі нанымдар, бір бөлігі - христиандар.[5]

Дәстүрлі кәсіптері қолмен атқарылатыне егіншілік (маниок, құмай, жержаңғақ, фонио, жүгері, мақта) және мал шаруашылығы (ірі қара және ұсақ мал). Қолөнерден - ағаштан ою, қыш бұйымдар жасау, қоржын, төсеніш, сөмке, т.б. жасау.[6]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әлеуметтік ұйымның негізін көсемдер басқаратын рулар мен көпбалалы қауымдар құрайды. Неке вирилокальды. Ата-бабалар культі мен табиғат күштері, музыкалық-би фольклоры кең таралған.

Елді мекендері өзендердің бойында орналасқан. Тұрғын үйлері – қабырғалары сабан аралас саздан, кейде тоқылған және саз балшықпен сыланған, төбесі аласа сабанмен жабылған дөңгелек лашық тәрізді.

Дәстүрлі киімдері - жамбасты жауып тұратын мата кесіндісі.

Негізгі тағамдары – жарма, бәліш, көкөніс, банан, сүт, балық.[7]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Значение слова ГБАЙЯ в Современном энциклопедическом словаре https://slovar.cc/enc/sovremenniy/1837863.html
  2. Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2346420
  3. Современная энциклопедия - гбайя http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/gbayya
  4. Современная энциклопедия Гбайя https://my-dict.ru/dic/sovremennaya-enciklopediya/199045-gbayya/
  5. Современная энциклопедия Гбайя https://my-dict.ru/dic/sovremennaya-enciklopediya/199045-gbayya/
  6. Народы и культуры Г https://travel-journal.ru/ethno/31/551/(қолжетпейтін сілтеме)
  7. народы мира / Гбайя http://www.etnolog.ru/people.php?id=GBAY