Тигре (халық)
Тигре | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
1,7 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
Тигре — эфиосемит халқы, Эритреядағы саны бойынша 2-ші халық (Эритрея халқының 30%). Олар негізінен Гаш-Барка, Ансэба және Сэменауи-Кэйих-Бахри провинцияларында тұрады (1,7 млн.адам – 2016, бағалау). Эфиопияның солтүстігінде 50 мың адам, Суданның шығысында 20 мың адам, Таяу Шығыс, Солтүстік Америка, Ұлыбритания мен Австралияда елдерінде 100 мыңнан астам адам тұрады.[1] Тигрелердің африкалықтарға қарағанда оңтүстік кавказдық ерекшеліктері бар және Оңтүстік Арабия тұрғындарынан тек қара тері түсімен ерекшеленеді. Олардың шаштары толқынды, беттері ұзын, мұрындары тік және тар. Олар көне Ақсумиттердің тікелей ұрпақтары.[2]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тілі – тигре тілі, семит тілдері тобына жатады.[3] Диалектілері: богос, хабааб, менса.
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тигрелердің шамамен 95% -ы мұсылман, көбінесе сүнниттік мұсылмандар, қалғаны христиандар.[4]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Олар егіншілікпен (бидай, теф, бұршақ және т.б.) және мал шаруашылығымен (ірі қара және ұсақ мал), сондай-ақ көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен (ірі қара және ұсақ мал, түйе), теңіз жағалауында балық аулаумен айналысады.[5]
Тұрмыс салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Үйлері хедмо - бұл саз, жер және сиыр көңімен араласқан ұсақ тастар мен қиыршық тастардан тұрғызылған биіктігі 2-3 метрлік тікбұрышты үйлер. Үйінің төбесі тегіс.
Дәстүрлі ерлердің костюмі тар қысқа шалбар – сури, ұзын көйлек – камис, жамылғы – шамма және бурнустан тұрады. Әйел костюмі ұзын, қалың көйлек, шамма және бурнустан тұрады. Шалбар тек атқа мінгенде киіледі. Қазіргі уақытта түрлі-түсті маталар танымал, ал соңғы уақытта қара хиджабтардың айтарлықтай сәні пайда болды.
Дәстүрлі тағамдарында энджера деп аталатын ашытылмаған нан шелпек кең таралған. Тұздық бұршақтан, жасымықтан дайындалады, оған сары май мен қызыл бұрыш қосылады. Сүт өнімдеріне сиыр майы, йогурт, қаймақ және сарымсақ қосылған сүзбе жатады. Танымал сусындарға тедж, сумен сұйылтылған ара балы және арпа сырасы жатады.[6]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/4191517
- ↑ Народности Эритреи. https://linozka.livejournal.com/225140.html
- ↑ Большая советская энциклопедия https://gufo.me/dict/bse/%D0%A2%D0%B8%D0%B3%D1%80%D0%B5
- ↑ Народ тигре https://ru.wikibrief.org/wiki/Tigre_people
- ↑ Народы и культуры Тигре http://www.etnolog.ru/people.php?id=TIGR
- ↑ Материал из Большого Справочника https://www.newstest.ru/%D0%A2%D0%B8%D0%B3%D1%80%D0%B5_(%D0%BD%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B4)(қолжетпейтін сілтеме)