Гишу
Гишу | |
бамасаба, чису, багишу, багису | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
1 050 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
масаба, луганда, суахили | |
Діні | |
дәстүрлі нанымдар |
Гишу (өз атауы: бамасаба, чису, багишу, багису) — Угандада тұратын жалпы саны 1050 мың адамды құрайтын ұлт.[1]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Гишу халқының арасында масаба, луганда және суахили сияқты тілдер кең таралған.[2]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дінге сенушілер: дәстүрлі нанымдар, сонымен қатар христиандар, сүнниттік мұсылмандар да бар.[3]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі кәсіптері – қолмен атқарылатын егіншілік (тары, құмай, жүгері, бұршақ дақылдары, мақта). Мал қалыңдық үшін негізгі төлем ретінде қызмет етеді, негізінен, салт-дәстүрлік рөл атқарады. Қолөнерден – керамика, сондай-ақ ұсталық (қару-жарақ, зергерлік бұйымдар, темір құралдары), ағаш ою, шөп пен өсімдік талшықтарынан тоқу (әшекейлер, ғұрыптық заттар) дамыған.[4]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі рулық тайпалық ұйым негізінен 19 ғасырда жойылды. Ірі патриархалдық отбасылардың қалдықтары сақталған.
Елді мекендері негізінен шашыраңқы орналасқан, кей жерлерінде қоршаулармен қоршалған. Дәстүрлі тұрғын үйлері дөңгелек, қабырғалары бамбук пен балшықпен сыланған бұтақтардан жасалған, шатыры шөппен жабылған, малдары қосымша құрылыстарда ұсталады.
Дәстүрлі киімдері теріден және өсімдік талшықтарынан жасалған алжапқыштар. Қазір еуропалық үлгідегі заманауи киімдермен алмастырылған.
Негізгі тағамдары – көкөніс тектес тағамдар.[4]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Современная энциклопедия https://dic.academic.ru/dic.nsf/enc1p/13718
- ↑ Значения слов гишу https://xn--b1algemdcsb.xn--p1ai/wd/%D0%B3%D0%B8%D1%88%D1%83
- ↑ Современная Энциклопедия http://www.aggregateria.com/G/gishu.html
- ↑ a b народы мира / Гишу http://www.etnolog.ru/people.php?id=GISH