Огонилар
Огонилар | |
кана | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
500 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
дәстүрлі нанымдар, христиандық |
Огонилар (кана)[1] — Нигерияда тұратын жалпы саны 500 мың адамды құрайтын ұлт. Олар солтүстік кан, оңтүстік кан, гокан, тай және элеме топтарына бөлінген.[2]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Олар нигер-кордофан отбасына жататын кегбоид тілдерінде (огони тілдерінде) сөйлейді.
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көпшілігі дәстүрлі нанымдарды ұстанады, кейбіреулері христиандар (католиктер мен протестанттар).[3]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі дәстүрлі кәсіптері қолмен атқарылатын егіншілік (ямс, тәтті картоп, маниок, жүгері, майлы пальма), балық аулау, қолөнер (тоқымашылық, ағаш ою, керамика).[4]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әлеуметтік құрылымда құпия одақтар (толог), соның ішінде ерлер (лорле, кунуке) және аралас (аманикпо, кпаакпаа және т.б.), сондай-ақ жастар қолөнер, дәстүр, фольклор бойынша білім алған қауымдастықтар (боонато) үлкен рөл атқарды. Әлеуметтік ұйымның негізінде жас стратификациясы болды (3 жас дәрежесі: балалар, жасөспірімдер, ересектер және қарттар).
Саяси құрылымдар болған жоқ, орталықтандырылған басқару болмады. Дәстүрлі билік ауыл қауымдастықтарының басшыларына және патрилиндік рулардың (ган) басшыларының кеңестеріне тиесілі болды. Тайпалық ұйым 7 тектен тұрды. Негізгі экономикалық бірлік – көп балалы отбасы (тор).
Елді мекендердері шоғырланып орналасқан, тұрғын үйлері дөңгелек және төртбұрышты, бөренелерден немесе қамыстан жасалған. Конустық төбесі сабанмен немесе шөппен жабылған.
Дәстүрлі киімдері – белдемше (қысқа және ұзын – юбка тәрізді) еуропалық костюммен алмастырылуда.
Азық-түліктері негізінен балық және өсімдік тектес тағамдар (ботқалар, бұқтырылған тағамдар, ащы дәмдеуіштермен пісірілген түйнектер).[5]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ ОГОНИ https://slovaronline.com/browse/f0fff3a6-c853-30df-a920-5c7b4b070e27/%D0%BE%D0%B3%D0%BE%D0%BD%D0%B8
- ↑ Огони https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/574448
- ↑ Современная энциклопедия Огони https://my-dict.ru/dic/sovremennaya-enciklopediya/204202-ogoni/
- ↑ Народы и культуры Огони https://travel-journal.ru/ethno/42/316/(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ народы мира / Огони http://www.etnolog.ru/people.php?id=OGON