Сога (халық)
Сога | |
басога | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
2,1 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
христиандық, дәстүрлі нанымдар, суннизм |
Сога (басога) — Уганданың оңтүстік-шығысындағы банту халқы. Олар солтүстікте Киога және оңтүстігінде Виктория көлдері, батыста Виктория Ніл өзендері және шығыста Мпологома арасында тұрады. Халқы 2,1 миллион адам. (2002, халық санағы), Угандадағы 3-ші ең үлкен халық. Танзанияда да 5 мыңға жуық адам тұрады.[1]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тілі - лусога тілі, оның екі диалектісі бар: солтүстік (Лупакоойо) және оңтүстік (Лутенга). XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басынан жазуы латын әліпбиіне негізделген.[2]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: көпшілігі христиандар, кейбірі дәстүрлі нанымдарды ұстанады, сүнниттік мұсылмандар да бар.[3]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі кәсібі - қолмен атқарылатын егіншілік (банан, маниок, тәтті картоп). Мал шаруашылығы мен өзен-көлдерде балық аулауды дамытқан. Дәстүрлі қолөнер - керамика, ұсталық, барабан жасау. Отарлау кезеңінде негізгі мақта егетін аудандардың біріне айналды.[4]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қоныстары шашыраңқы орналасқан банан плантацияларымен қоршалған дөңгелек үйшіктерден тұрады.
Киімдері – жамбасты жауып тұратын талшықтан жасалған жамылғылар.
Негізгі тағамдары – банан, түрлі ботқа, ащы соустары бар ұсақталған жармалардан жасалған ұн өнімдері.
Бай ауызша тарихы бар.[5]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/3589881
- ↑ Сога https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/683960
- ↑ Значение слова СОГА в Энциклопедическом словарике https://slovar.cc/enc/slovarik/1831153.html
- ↑ Народы и культуры Сога https://travel-journal.ru/ethno/45/1263/(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ народы мира / Сога http://www.etnolog.ru/people.php?id=SOGA